Ел тынысы

Өрт сөндіру түтік құбырларын ұрлап, сатып жіберген

Астанада ер адам өрт сөндіру түтік құбырларын ұрлап, сатып жіберген, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Полиция қызметкерлері өрт сөндіру түтік құбырын ұрлауға қатысы бар ер адамды анықтады. Ол қаланың 39 жастағы тұрғыны болып шықты. Елорданың тұрғын үй кешендері бірінің кіреберісінен ол 12 өрт сөндіру түтік құбырын иемденіп, үй тұрғындарының өрт қауіпсіздігін бұзған. Ұрланған затты қаскүнем құрылыс базарына апарып сатып үлгерген. Тергеу барысында ер адамның 500 мың теңгеден астам сомаға өрт сөндіру түтік құбырын ұрлаудың 6 эпизодына қатысы бар екені анықталды. Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button