Қоғам

Өрт жүйелерін жөндеуге несие берілмек

Астанадағы тұрғын үй иелері күрделі жөндеу жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде кондоминиум нысандарының бір бөлігі ретінде өрт жүйелерін жөндей алады. Бағдарлама 7 жылдан 15 жылға дейін қаражатты қайтару шарттарымен пайызсыз қаржыландыруды көздеп отыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Өркен қала» ЖШС директорының орынбасары Гүлвира Әбетова айтуынша, күрделі жөндеу бойынша мемлекеттік бағдарламаға қатысу үшін осы бағдарламаның операторы – «Өркен қала» ЖШС-ға өтінім беру қажет. Тұрғындар өрт жүйесінің жай-күйін куәландыру актісін алдын ала дайындап, жұмыстарды жүргізу жобасын, шығыс пен шығындар сметасын, қызметтерді жеткізушілер және жұмыстарды қабылдау кезінде жауапты тұлғаларды бекітуі қажет.

«Мемлекеттік бағдарламаға қатысу туралы мәселені тұрғындардың жалпы жиналысында бекіту қажет. Өйткені мемлекет бөлетін ақша қайтарымды. Бұл ретте, жиналыс пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлар иелерінің жалпы санының жартысынан астамы болған кезде шешім қабылдауға құқылы. Шешім жиналысқа қатысушылардың жалпы санының көпшілігінің келісімімен қабылданады. Ережеге сәйкес бюджет қаражаты 7 жылдан 15 жылға дейін бөлінуі мүмкін. Әрбір пәтерге, тұрғын емес үй-жайға жүктелетін кондоминиум нысанының ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған шығыстар сомасы меншік иесіне тиесілі кондоминиум нысанының ортақ мүлкіндегі үлеске сәйкес есептеледі» дейді Г.Әбетова.

Сондай-ақ ол «Өркен қала» ЖШС тұрғын үй иелеріне мемлекеттік бағдарламаға қатысуға өтінім беруге қажетті консультативтік және құқықтық көмек көрсетілетінін атап өтті.

Өз кезегінде Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Әділ Братаев былтыр қала әкімі тапсырмасымен елорданың барлық көппәтерлі тұрғын үйлерінде жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, өртке қарсы тексерулер және басқарушы ұйымдармен профилактикалық әңгіме өткізілгенін айтты. Соның нәтижесімен жоғарыда аталған кей нысандарда өрттен қорғау жүйесінің жарамсыз не толық жұмыс істемейтіні анықталған.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button