Ел тынысы

Өтініш қабылдау неге тез тоқтатылды?

Астана уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап autonesie.kz сайтында өтініштер қабылдана бастады. Алайда бағдарламаға қатысушылардың көптігінен жарты сағатқа жетпей-ақ өтініштер қабылданбады.

«761 қазақстандық өз өтінімін платформа жұмысын бастаған алғашқы 18 секундтың ішінде беріп үлгерді. Өтінім қабылдау сағат 10:00-де басталса, алғашқы минуттың ішінде 125 мың адам кірді.

Autonesie.kz жүктемені еңсеріп, өтінімдер пулының қалыптасуын қамтамасыз етті. Лимитке жеткеннен кейін өтінімдерді қабылдау автоматты түрде аяқталып, «өтініш беру» функциясы тоқтатылды.

Өтініш беру процесінде кейбір пайдаланушылар автомобиль өндірушісін таңдай алмай жатты. Бұл сонымен қатар өтінім лимитіне қол жеткізумен байланысты болды» деп жазылды Өнеркәсіпті дамыту қорының ресми мәліметінде.

Кеше елімізде жеңілдетілген автонесиеге autonesie.kz сайты арқылы өтініш беру жарты сағатқа жетпей тоқтатылды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button