Қоғам
Өткен 11 айда елде 16,7 млн тонна мұнай өңделген
2024 жылдың 11 айында Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі 16,7 млн тоннаны құрады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өңдеу көлемі 16,7 млн тоннаны құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6% – ға артық (өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 103,6%).
2024 жылғы есепті кезеңде мұнай өнімдерін өндіру көлемі:
автобензин – 4,88 млн.тонна немесе 2023 жылға 101,1%;
дизель отыны – 4,91 млн.тонна немесе 2023 жылға 103%;
авиакеросин – 0,68 млн.тонна немесе 2023 жылға 118,6%-ды құрады.
Бүгінгі таңда қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары тұрақты жұмыс істейді, жанар-жағармай материалдарының (ЖЖМ) қорларын тиеу және толықтыру үздіксіз жүзеге асырылуда.