Ел тынысы

Өткен түнде Астанадан 41 мың текше метр қар шығарылды

Өткен түнде коммуналдық қызмет мамандары қаладан шамамен 41 мың текше метр қар шығарды. Олар тәулік бойы бірнеше ауысымда жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

23 ақпан күні таңертең қар тазалау жұмысына 1,4 мың бірлік арнайы техника және 2,3 мыңнан астам жол жұмысшы жұмылдырылды.

22 ақпаннан 23 ақпанға қараған түні елордадан 41 мың текше метр қар шығарылды, полигондарға 3 мыңнан астам рейс жасалды.

Қыс мезгілінің басынан бастап 372,5 мың рейс арқылы қаладан 5 млн текше метрден астам қар шығарылды.

Қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі. Сонымен қатар, коммуналдық қызметтер тротуарларды мұздан қолмен тазартады.

«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, 23 ақпан күні елордада ауа райы жауын-шашынсыз болып, көшпелі бұлт шығады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы – 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде – 26-28, күндіз – 15-17 градус аяз.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button