#Жаңа Қазақстан

Өз әсерімен бөлісті

Ұлыбританиядан келген халықаралық байқаушы Халықаралық байқау­шыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен брифингте сайлау науқаны кезіндегі өз әсерімен бөлісті.

«Біздің елде сайлау үнемі бейсенбі күні өтеді. Бұл жұмыс күні болғандықтан, кейде адамдар сайлауға баруға үлгермей жатады. Бір қызығы, сіздерде сайлау жексенбі күні өтеді. Бұл – демалыс күні. Адамдарға сайлауға қатысуға, сайлау учаскелеріне келуге уақыт бар» деді Ұлыбритания Парламентінің мүшесі, Ұлыбритания Премьер-министрінің Моңғолиядағы сауда өкілі Даниэль Кавчински.

Халықаралық байқаушылар сайлау учаскелеріне азаматтардың бала-шағасымен келіп жатқанын айтты.

– Тағы бір ерекше атап өтерлігі, сайлау учаскелерінде ән шырқалып тұрады. Бұл маған өте ұнады. Сайлау учаскелері өте қызықты орын екенін байқадым. Мәселен, бізде сайлау учаскелері өте ресми. Оған кірген адам күлмейді. Керісінше, олар тезірек кіріп, шаруасын бітіруге тырысады. Ал мұнда адамдар бір-бірімен сөйлесіп, дауыс беру бюллетеньдерін жәшікке салу сәтін суретке түсіреді. Сайлаушылар отбасымен келді, – деді Д.Кавчински.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button