UncategorizedҚоғам

Өзбек кәсіпкерлерімен кездесу өтті

Астанада қазақстандық және өзбек ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің кездесуі өтті. Жиынға екі елдің ауыл шаруашылығы министрлік өкілдері мен Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының ауыл шаруашылығы басқармалары мен салалық қауымдастықтар басшылары қатысты, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz.

Кездесудің мақсаты – ауыл шаруашылығы саласындағы бірлескен кооперациялық жобаларда ауыл шаруашылығы дақылдарын бірлесіп өсіру және теріні қайта өңдеу бағыты бойынша іске асыру мүмкіндігін талқылау болды. Кездесу барысында тараптар өздерінің бизнес ұсыныстарымен және бастамаларымен алмасып, ықтимал ынтымақтастықтың тетіктері мен шарттарын талқылады. Кездесу қорытындысы екі елдің кәсіпкерлері арасында B2B форматындағы келіссөздер аясында жалғасып, өзбек кәсіпкерлерінің қазақстандық шаруашылықтарға барып танысуы туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button