Өзбек кестелеу өнеріне арналған көрме ашылды

Ұлттық музейде «Мұрадағы өрнектер: Өзбекстанның кесте және тігін дәстүрлеріне саяхат» атты халықаралық көрме ашылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Экспозицияда Өзбекстанның 6 жетекші музейі қорынан 122 бірегей қолөнер туындысы ұсынылды:
Өзбекстанның Қолданбалы өнер мемлекеттік музейі;
Тимуридтер тарихының мемлекеттік музейі;


Өзбекстан мемлекеттік өнер музейі;


Бұхара мемлекеттік музей-қорығы.
Көрмеге XIX-XX ғғ. тиесілі алтын жіппен кестеленген ұлттық киім үлгілері, зергерлік бұйымдар, дәстүрлі аяқ киім мен аксессуарлардың бірегей үлгілері қойылды.
Бұл өнер туындылары – қолдан жасалған жауһарлар ғана емес, сонымен қатар Орталық Азияның мәдени мұрасын бейнелейтін терең символизмнің көрінісі.

Көрме 2025 жылдың 1 маусымына дейін көпшілік назарына ұсынылады.