Руханият

Өзбекәлі ағаның шапағаты

Астанадағы С.Сейфуллин музейінің 30 жылдан астам тарихы бар. Алғаш мамандар іріктеп, жан-жаққа жинақтау жұмысын жүйелі ұйымдастырудың арқасында музей қорында біраз заттай-құжаттай жәдігер жинақталып, сақтаулы. Бұл игі істе елеулі еңбегі сіңген – алғашқы директоры Роза Иманғалиқызы. Көп заттары, құжаттары, қолжазбаларына конфискация жасалғандықтан, қор жинау оңайға соқпады. Мұрағаттарда жұмыс жасалды, С.Сейфуллин туыстары, жұбайы көмек берді. Жәдігер жинауда тағы бір тарихи тұлғаның еңбегін атап кеткен жөн. Ол – Өзбекәлі Жәнібеков.

Өзбекәлі Жәнібеков ҚР Мәдениет министрі болып таға­йындалғаннан кейін С.Сейфуллин музейіне келіп аралайды. Сол кезде музей директоры Роза Иманғалиқызы музеймен таныстырып, жәдігер жинау жұмысы жүріп жатқанын айтып, жәдігерлердің тапшылығын алға тартып, кезінде Гүлбахрам Сейфуллина Алматыдағы орталық музейге бірнеше зат тапсыр­ған екен, соларды алуға көмек сұрайды. Өзбекәлі Жәнібеков мұқият тыңдап, кейін сол жәдігерді алуға көмектескен.

Экспонаттар Қазақстанның Орталық мемлекеттік мұража­йынан КСРО Мәдениет жөніндегі мемлекеттік комитетінің 13.09.1989 жылы №214 бұйрығымен С.Сейфуллин музейі­нің қорына тапсырылды. Әр жәдігердің тарихы бар.

«Маржан алқа» – С.Сейфуллин мұражайының құнды жәдігерінің бірі. Алқа Гүлбахрам заманына тиесілі. «Маржан алқа» мұражайға 1988 жылдың қаңтар айында Республикалық музыкалық аспаптар  музейінен акт арқылы қабылданып алынған. 166 маржан тастардан тұратын ұзындығы 166 см., алты қатар болып тізілген алқа – мұражайдың баға жетпес құнды жәдігері. Көнекөз қариялардың естелігі бойынша «Маржан алқа» Гүлбахрам Батыр­бекқызына тиесілі деп айтылады.

С.Сейфуллиннің саквояжы. 1930 жылдар. Саквояж – жол жүргенде ұстап жүретін шағын чемодан. Саквояжды бүгінге дейін сақтап келген – Софья Батырбекова. Гүлбахрам Сейфуллина болашақта ақынның мұражайы ашылатынына шексіз сенгендіктен, өзінің немере сіңлісі  Софьяға табыстап, мұражай қорына өткізуді өтінген. Бұл саквояжды С.Сейфуллин 1930 жылдары Мәскеу қаласынан сатып алған.

С.Сейфуллинге тиесілі темір кереует. Екі никельден және карапас торынан тұрады. Сәкен Сейфуллин 1926 жылы Гүлбахрам Батырбек­қызына үйленгеннен кейін Ташкент қаласында сатып алған.

С.Сейфуллиннің 70 жылдығына арналған мерейтойлық төсбелгі. 1964 жылғы. Пішіні бір-біріне жабыстырылған екі төртбұрыш, бірі ақ, екіншісі қара. С.Сейфуллиннің қара түсті бедерлі бейнесі, кескін бойынша 1894-1964 жж. «Сәкен Сейфуллин» деген жазу бекітілген. Ол штамптау арқылы металдар қорытпасынан жасалған. Сериялық өндіріс белгішесі. Алматы қаласында, Горместпромның пластмасса және тас кесетін бұ­йымдары зауытында шығарылды.

Музей ашылғанда экспозициясын құрып, мамандар тауып, қор жинауда алғашқы директоры Роза Иманғали­қызының еңбегі зор.

Гүлназия БОЛАТ,

 С.Сейфуллин музейінің қызметкері, докторант

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button