#Жаңа Қазақстан

Өзекті мәселелер талқыланды

Азат Перуашев бастаған «Ақ жолдың» республикалық штабының мүшелері Қостанай облысындағы Рудный қаласына барды.

Сапар аясында партия лидері Азат Перуашев, партияның Қостанай облыстық филиалының төрағасы Махаббат Жұтаев, Мәжіліс пен жергілікті мәслихат депутаттығына кандидаттар «РудныйАвтоТранс» ЖШС пен «Аят» жеке спорт кешенінің жұмысымен танысты. Сондай-ақ «Ақ жол» демпартиясының Қостанай облысындағы партия белсенділерімен жүздесті.

Автопарк қалалық және халықаралық жолаушы тасымалы бойынша қызмет көрсетеді. Үгіт-насихат тобына автопарк басшылығы бұл кәсіпорын тарихында Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың бірінші рет келіп тұрғанын айты.

– Зейнеткерлер мен мектеп оқушыларының жолақысын субсидиялауға көмек керек және маршруттарды бөлуде жолаушылар ағынының теңгерімді үйлесімі, электронды билетті енгізуде және т. б. мәселеде қолдау қажет. Кәсіпорын үнемі әкімдікпен соттасуға мәжбүр, бірақ процестерді жеңсек те, өзіміздің дұрыстығымызды қайта дәлелдеуге тура келеді, – деді ЖШС директоры Сұлтанбек Ермұханов.

Азат Перуашев бұл мәселеден хабары барын, «Ақ жол» демпартиясы жолаушылар тасымалы қауымдастығымен тікелей байланыста екенін және осындай мәселелер Теміртау, Шымкент, Ақтөбе, Астана, Атырау, Семей қалаларының автопарктерімен өткен кездесулерде көтерілгенін айтты.

– Қалалық көлік инфрақұрылымын дамыту қоғамның өмір сүру сапасының маңызды көрсеткішінің бірі деп санаймыз, бұл мәселені Үкімет пен Бас прокуратураға жолдаған депутаттық сауал­дарымызда бірнеше рет көтердік. Сайлаудан кейін біздің мәслихат депутаттары бұл жұмысты жергілікті жерлерде жалғастырады, қажет болған жағдайда, Парламенттегі фракция да атсалысады, – деп сендірді ол.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button