Ел тынысы

Өзекті тақырыптарға жауап берілді

Бүгін Мемлекет басшысының «Ana tili»газетінде «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту» мақаласы шықты

Жаңа жыл жаңа серпінмен басталуда. Себебі, мақала тек еліміздің экономикаляқ дамуы жайында ғана емес, 2024 жылды қорытындылап биылғы жылғы жоспар құру болды.

Мақала аясында біз белсенді қатысқан “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы жайлы сөз қозғалды. Партия тарапынан “Таза бейсенбілік”,акциялары өткізіліп, Елорда барлық аудандары қамтылды. Биылғы жылы осындай экологиялық акциялардың санын арттыру көзделуде.

Халықаралық аренада еліміз алдыңғы қатардан көрінді.

Сонымен қатар, шетелде білім алған жастардың елге оралып, қызмет етуіне тоқталды. Қазіргі уақытта, әрбір жас азамат үшін білім алуына, дамуы мен өсуіне жағдай жасалған. Тек алынған білімін еліміздің дамуына қосуы керек. Партия тарапынан 2024 жылы “Қарызсыз қоғам” жобасы іске асырылды. Қаржылық эксперттер барлық аймақта қаржылық сауаттылыққа оқытты.

Мемлекет басшысының бүгінгі сұхбаты жаңа саяси дәстүрді қалыптастырды, қоғамды толғандыратын барлық сұрақтарға ашық әрі жан-жақты жауап берді.

Бұл ретте, жыл сайынғы халыққа Жолдауда саясат пен экономиканың стратегиялық мәселелеріне баса назар аударылса, ал сұхбатта әлеуметтік-идеологиялық сипаттағы мәселелер көбірек қозғалып, онда өзекті тақырыптарға жауаптар берілді.

Санира Жүсіпова,
Есіл ауданы “Amanat” партиясы төрағасы

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button