#Жаңа Қазақстан

Офшордағы қаржы қайтарылсын

Кеше республикалық штаб мүшелері Берік Дүйсембинов, Дмитрий Васильев, «Ақ жол» демпартиясынан бірмандаттық округ бойынша кандидат Фуат Сатыбаев, жергілікті мәслихат депутаттығына кандидаттар Павлодар облысындағы «Мерусарии және К» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті.

«Ақжолдықтар» партияның саяси бағдарламасын таныстырып, сыбайлас жемқорлықпен күрес, парламенттік республикаға көшу мәселесіне тоқталды. Сондай-ақ, ипотекалық несиенің жоғары пайыздық мөлшерлемелері, жұмыссыздық, салалық ҚҚС мөлшерлемесі, оффшорлардағы қаржыны қайтару, инфляциямен күрес және тұрғын үй бағасының қымбаттауына қатысты мәселелер көтерілді.

Партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырған соң кандидаттар Парламентте атқарылған жұмыстар жайлы айтты. Жұмысшылар көкейдегі сұрағын қойды. Көпшілікті әлеуметтік әділдік, «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң мен әділ сайлау мәселесі қызықтырды.

Айта кетейік, 9 наурыз күні Алматыда «Ақ жол» демократиялық партиясының митингі өтіп, оған партияның 700-ге жуық жақтасы мен белсендісі қатысты. Партия төрағасы Азат Перуашев жиналғандардың назарын саяси бағдарламаның негізгі бағыттарына аударды.

«Біз парламенттік республиканы жақтаймыз. Бір адам, тіпті ең дарынды болса да, елдегі барлық мәселені шеше алмайды. Бұл – билік тармағын бөлу функциясы, тежемелік пен тепе-теңдік балансы, мұнда Парламент пен мәслихаттар түріндегі өкілді органдар маңызды рөл атқаруы тиіс. «Ақ жол» партиясы дамудың еуропалық жолын, қоғам мен мемлекет арасындағы қарым-қатынастағы еуропалық тәсілдерді, өмір сапасының еуропалық стандартын жақтайды» деді ол.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button