Жаңалықтар

Ойланбай сөйлеген опық жер

«Сөзбен ойыңды көрікті етіп жеткізе алмау – кемшілік, көкей тескен  ойыңның болмауы одан өткен кемшілік» депті О.Бальзак. Ал, адамның мәдени тұлға ретіндегі табиғатын зерттеуші ғалымдар болса, оның мәдениеттілігі мен қадір-қасиетін білуге өсіп-өнген, тәрбиеленген ортасында алған тәлім-тәрбиесі негіз болатындығын айтады.
Адамдар арасындағы қарым-қатынаста сыпайылық, кішіпейілділік пен адамгершілік қасиеттер тіл арқылы көрініс табады. Мәдениетті сөйлеу – кім-кімнің де бет-пердесінің айнасы. Қазіргі жан-жақты білімді жастардың да ақыл-ой көрінісі әр сөзді өз орнымен қолданып, мағыналы сөйлей білуімен өлшенуі тиіс. Жұртты ұйытып, көңілдегі ойды дөп басып, әсерлі етіп сөйлеген адамды тыңдай бергің келетіні рас. Әлемдегі ең қажетті іскерлік қасиеттердің бірі – әдемі күлкі, әдепті жымиыс екен. Сыпайы, келісті сөз – сөйлеушінің абыройын арттырады, тыңдаушының ықыласына бөленеді. Өзі туралы жақсы пікірлердің қалыптасуына септігін тигізеді.
Мысалы, ертедегі мәдениет ошақтарының бірі – шумерлердің тас табақтарында мынадай жазу бар: «Аузыңа абай бол! Көкейдегі ойды айтуға асықпа! Ойланбай сөйлесең, опық жейсің…». Сондай-ақ, Мексикада «Сөйлегенде сабыр сақтаған жөн. Асығып-аптықпа, қызбаланба, дауысыңды көтерме, сөзің орынды да ұрымтал болсын» делінсе, үнді ұстанымы бойынша «қандай бір қиын жағдайда да балағат сөзге тыйым салынады, көкейге қонымды, көңілге ұнамды сөздер ғана айтылсын».
Жастар жағы бұның бәрі сөйлеу мәнерінің адам өміріндегі маңызын, жалпы, тілдің құдіретін мойындаудан туған жауапкершілік деп білсе игі.

Гүлзат СЕРІКБАЕВА

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button