Білім

ОЙНАЙЫҚ ТА, ОЙЛАЙЫҚ!

IMG_0659

Тәрбие – балабақшадан басталады. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбие­лейтін негізгі іс-әрекет – ойын.  Өйткені, ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, адамдардың еңбегімен танысады.

Халқымыз ойындарды баланың жас ерек­ше­лігіне қарай бағалаған. Эстетикалық тәрбие берудің маңызды құралы балаларды ұйым­шыл­дыққа үйретеді. Ойынның түрлері көп, соның ішінде маңыздысы – дидактикалық ойындар. Баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында Астана қаласындағы «Сал­танат» балабақшасында «Ойнайық та, ойлайық!» ашық сабағы өтті. Дидактикалық ойын­дарға негізделген сабақтың пайдасы көп. Жат­тығулар арқылы балалардың сөздік қорын байытуға, ойлау қабілетін дамытуға болады.

«Қызғалдақ» тобында өткізілген ашық сабақта балаға қарама-қарсы сөздерді анықтау дағдыларын қалып­тас­тыруды көздейтін «Суреттің жұбын тап», «Ұқсас сөздер» ойындары ұйымдастырылды. Соңында бүлдіршіндер дөң­гелене тұрып, жү­рекше беру арқылы бір-біріне жылы сөздермен тілек айтты. Қызықты өткізілген ойын «Арайлап атқан әр таң бізге жақсылық нұрын шаша берсін!» деген  хормен аяқталды.

Мәдина СӘДІРОВА,
№57 «Салтанат» балабақшасының педагог-психологы

 

 

 

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button