Құқық

Ойын-сауық мекемелеріне рейд жүргізілді

Мобильді топ елорданың бірқатар ойын-сауық орындарына рейд жүргізіп, бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады.

«18 желтоқсанда мониторинг тобы кешкі аралау кезінде Есіл ауданының полиция басқармасы қызметкерлерімен бірге «Bla Bla» бар, «Золото» мейрамханасы, «Dark Side» бары, «Icon» клубы, «Tequila» лаундж бары, «Aura club ALANYA» түнгі клубында карантин режимінің сақталуын тексерді. Нәтижесінде аталған нысандардың барлығы жұмыс кестесін бұзған» деп хабарлады Есіл ауданы әкімдігі.

Бүгінгі таңда карантин талаптарына бағынбаған «SOVA» караоке-бары, «Жаным Сол» караоке-бары, «Alanya» түнгі клубы, «Teqila» лаундж-бары, «Echo» бары мен «Золото» мейрамханасына қатысты Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына 7 әкімшілік хаттама жіберілді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button