Жаңалықтар

Октябрьді Бөкейхан алмастырды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында қаймана қазақты қуантқан жаңалық болды. Қаншама жылдар бойы атауы өзгермеген Қарағандыдағы Октябрь ауданына Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның есімі берілді.

[smartslider3 slider=1396]

Облыс әкімі Жеңіс ­Қасымбектің қатысуымен өткен облыстық мәслихаттың кезекті IX сессиясында Октябрь ауданын Әлихан Бөкейхан атындағы аудан деп өзгерту туралы облыс әкімінің қаулысы мақұлданды. Алаш ардақтысының есімін берерден бұрын аудандағы аулалар абаттанып, жаңа әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді. Өнеркәсіп нысандары ашылып, жаңа жұмыс орындары пайда болды. Майқұдықтағы тасжол жөнделді. Осылайша аудан халқының әлеуметтік мәселелері шешілуде.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button