Sport

ОЛИМП ЖОРЫҒЫН БОКСШЫЛАР БАСТАДЫ

625bb7f7af4ed4f563a7cf384d6d3507

Бүгінгі таңда алдағы жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдамалар үлестіретін жарыстар өтуде. Қазақстан спортшылары арасынан әзірге әдеттегідей боксшыларымыз ерлеп тұр.

Рио-де-Жанейро шаршы алаңында өнер көрсетуге бүгіннің өзінде үш боксшымыз мүмкіндік алып отыр. Атап айтқанда, АИБА аясындағы АРВ халықаралық турнирінде жеңіске жеткен Біржан Жақып (49 келі), Берік Абдрахманов (60 келі) және WSB турнирінің жеңімпазы, «Астана арландары» атынан айқасқан Василий Левит (91 келі) бар. Бүгін Мексикада Ілияс Сүлейменов сынға түседі. Ол АРВ версиясы бойынша олимпиада лицензиясы үшін шаршы алаң иесі Элис Эмиджио Абаркемен жекпе-жекке шығады. Қай жеңгені Рио ойындарына жолдама алады.
Қалған салмақтағы бокс-шыларымыз алдағы күзде Катар елінде өтетін әлем чемпионатында өз бақтарын сынайтын болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button