Sport

ОЛИМПИАДА КҮНІН АТАП ӨТТІ

Астаналық саябақта Олимпиада күні аталып өтілді. Биыл Олимпиада жылы болғандықтан айтулы шараға қатысушылар да көп болды.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті мен Астана қаласының дене тәрбиесі және спорт басқармасы ұйымдастырған шараның ашылу салтанатында Серік Сәпиев, Юрий Мельниченко, Асхат Житкеев және басқа да атақты спортшылар қатысып, мерекеге қатысушыларға тілектерін жеткізді. Шара барысында қатысушылар Рио-де-Жанейро ойындарында ел намысын қорғайтын спортшыларымызға арнайы жасалған қабырғада тілектерін жазуға мүмкіндік алды. Осы ретте балалардың белсенділігі ерекше көрінді. Бұл жүрекжарды  лебіздер спортшылардың рухын көтеретіні сөзсіз.

Сонымен қатар,  Олимпиада күніне орай 60 және 100 метрге жүгіруден жарыс ұйымдастырылды. Ал  кішкентай балалар болса спорт тақырыбында сурет салу сайысына қатысты.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button