Шартарап

Олимпиада: Қазақстандық теннисшілер жарысты аяқтады

Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Александр Недовесов – Александр Бублик жұптық сында өнер көрсетті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Қазақстандық жұп алғашқы айналымда бразилиялықтар Тьяго Монтейро – Тьяго Уайльдпен бетпе-бет келді.

Бірінші партияда есеп 3:3 болған мезетте бразилиялық дуэт брейк жасап кетті – 6:4. Екінші сетте есеп 4:4 болғанда, тағы бір брейкке қол жеткізген Монтейро – Уайлд матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4.

Бір сағат 15 минутқа созылған бәсеке барысында Недовесов – Бублик 3 эйс жасағанымен, 4 брейк-пойнтты пайдалана алған жоқ. Қарсыластары 4 эйс, 2 брейкпен көзге түсті.

Осылайша, Париж Олимпиадасы қазақстандық теннисшілер үшін өте сәтсіз аяқталды. Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева ойынға қатысудан бас тартса, А.Бублик пен Александр Шевченко жекелей сында алғашқы айналымнан аса алмады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button