Жаңалықтар

ОЛИМПИАДАҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының үшінші курс студенттері – апалы-сіңлі Александра мен Екатерина Немичтер биыл Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиадаға ойындарына жолдама жеңіп алды.

Z09B1419

Жақында Бразилияда синхронды жүзуден өткен олимпиадалық іріктеу турнирінде үздік ондыққа кірген астаналық спортшылар енді ел намысын қорғайтын болады.
Немичтер спорт сайыстарының ең мәртебелі жарысы Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысқалы отыр. Олар 2014 жылы Инчхонда өткен XVII жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы сапында қола жүлдегер атанған болатын. Енді, міне, шеберліктері шыңдала түскен саңлақ арулар өте маңызды додаға түспек. Апалы-
сіңлі Немичтер Азия ойын­да­рындағы жеңістерін Еуразия ұлттық университетінің 20 жыл­дығына арнаған еді. Ал Рио-де-
Жанейрода жүлделі бол­сақ, онда ол табысымызды ел Тә­уел­сіз­діктің 25 жылдығына арнаймыз, – дейді келешекке сеніммен қараған спортшы студенттер.

Мәдина ЖАҚЫП

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button