Омбудсмен Астанадағы қылмыстық-атқару жүйесінің №2 мекемесінде болды
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев сотталғандардың құқықтары мен оларды ұстау жағдайларының сақталуын қадағалау мақсатында Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №2 мекемесіне барды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Бару кезінде Уәкіл мекеме аумағын, жаңа тұрғын жайларды аралап көрді, наубайхананы, тігін цехын және индустриялық аймақтағы ангарларды, ғимараттарды аралады.
Сондай-ақ Артур Ластаев сотталғандарды қабылдады, олар өздерін толғандырған сауалдарға, оның ішінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдану, бас бостандығынан айыруды жеңілдетілген жаза түрімен ауыстыру, келтірілген зиянды өтеу, медициналық қызмет көрсету және т.б. мәселелерге қатысты жауап алды.
Бару қорытындысы бойынша сотталғандардың біріне мекеме басшылығының және «Еңбек» РМК филиалының көмегімен «Базис» ЖШС-не жұмысқа орналасуға көмек көрсетілді.