ӘлеуметДенсаулық

«Омикрон» штамынан сақтануда

Коронавирустың ­Омикрон штамы Оңтүстік Африка ғалымдары тапқалы бері бір аптадан астам уақыт ішінде әлемнің 20 еліне тарап үлгерді.  Қазақстанда әлі тіркелмеді. Дегенмен елімізде алдын ала сақтық шаралары жүргізілуде.

[smartslider3 slider=1218]

Қазір көптеген елдер азаматтарын Оңтүстік Африкаға сапарлап баруға тыйым салып, осы елмен әуе қатынасын тоқтатты. Қазақстанда Үкімет отырысында денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия 3 желтоқсаннан бастап жаңа шектеулер енгізуге шешім қабылдағанын жеткізді. Осылайша Африканың оңтүстігіндегі елдер (ОАР, Ботствана, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагас­кар, Эсватини, Малави және Танзания) азаматтарының Қазақстанға келуіне шектеу қойылды. Мұндай шектеу Гонконг азаматтарына да қойы­лып отыр. Омикрон штамы анықталған Израиль, Чехия, Нидерланды, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Германия, Австралия, Канада және Египет азаматтары Қазақстанға келер болса, вакцина салдырған-салдырмағанына қарамастан ПТР тест тапсырады және тест нәтижесі қандай болса да, жеті күн карантинде болады. Үкімет сондай-ақ Египетпен әуе қатынасын тоқтатты. ДДҰ жаңа штамм иммундық реакцияны айналып өтіп, жұқпалылығы мен ғаламдық деңгейде тарау ықтималдығы жоғары болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button