Руханият

Өмір шындығы

Тарихи процесте адамзат бастан кешірген ғылыми, саяси және әлеуметтік-мәдени даму өрісі әлеуметтік және экономикалық құрылымға да, жеке адамдардың өмірді түсіну мен өзара қарым-қатынасына да әсер етеді. Осы жағдайлар әсерінен болған өзгерістер әдебиетке де ықпал етеді, қалыптасқан әдеби дәстүрлерде форма мен мазмұн бойынша көрініс табады.

[smartslider3 slider=1580]

Жолтай Жұмат-Әлмашұлы романдарындағы адамдық және жүйелік сын

Модернизммен бірге көріне бастаған индустрия­ландыру, урбанизация және индивидуализмнің күшеюі сияқты дамулар жеке адамдар өмірінде жалғыздық, иеліктен шығару, алаңдаушылық, қарым-қатынастың бол­мауы сияқты проблемаларды тудырады. XX ғасырдың басында пайда болған және осы мәселелерге қатысты тақырыптармен айналысатын модернистік әдебиет – ағарту модернизмі мен индустриалды қоғамның сыны, оның шығу тегі қайта өрлеу дәуірінен бастау алады. Цифрландыру барлық қоғамдарға жаһандық шындық ретінде әсер етсе, нарықтық экономикаға көшу, әсіресе Кеңес Одағы сияқты социалистік жүйе басқарған саяси құрылымдардан бөлінген мемлекеттерде ауыр процесс ретінде көрінеді.

Танымал қазақ жазушысы Жолтай ­Жұмат-Әлмашұлы өзінің «Ащы да тәтті өмір» аталатын кітабындағы туындыларда осы тақырып айналасында терең толғап жазады. Қазақстанның жаһандық және аймақтық оқиғалармен өзара әрекеттесуінен туындайтын тақырыптарды көрсететін бұл шығармалар әде­биет пен қазіргі заманның байланысын көрсету тұрғысынан ерекше. Бұл қазақ әдебиетінің адамзат дамуынан және жаһандық динамикамен ұштасып, әлемдік әдебиетті қалыптастырудан туындайтын трансформациялардан тыс еместігін көрсетеді.

Жолтай Жұмат-­Әлмашұлының түрік тіліне аударылған «Ащы да тәтті өмір» деген кітабында «қазіргі қысқа романдар» субтитрі бар. Өзжан Перска тәржімалаған және Қазақстан Республикасының елшілігі мен Еуразия Жазушылар одағымен бірлесіп шығарылған кітапта повесть немесе «қысқа романдар» деп санауға болатын екі мәтін бар. Кітаптағы шығарманың біріншісі «Олигарх және олимп», екіншісі «Интер­адам» деп аталады. Екі шығарманың ұқсас жағы – автор адамзат пен ол бастан кешіп отырған жүйе арасындағы байланыс шынайылығына күмән келтіруге ұмтылады, ХХ және XXI ғасырдағы қоғамдық-саяси билікке, тіпті жаһандық жүйеге астарлы сын көзімен қараған. Сонымен қатар адам үшін жекелеген қақтығыстармен күресу және өз өмірінің мәнін түсінуге тырысу, сондай-ақ басқа адамдармен белгілі бір саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйе шеңберінде қарым-қатынас орнату мен оларды жалпыадамзаттық қасаң принциптерден сақтандыру маңызды екендігін еске салады. Қазіргі әлемде қарқынды даму орын алып, биополярлық жалпыадамзаттық тәртіпте капиталистік және со­циалистік жүйе арасында үлкен билік үшін күрес жүріп жатқаны рас. Ақшаның жекелей масш­табта әкелетін күші мен харизмасы пенделердің өмірге деген көзқарасын өзгертсе, жаһандық ауқымда ұлы державалардың мүдделері соғысына негізделген халықаралық жүйе адамдар мен адами құндылықтарды бұзады. XXI ғасырдың ерекше жағдайлары мен капиталистік жүйе тудырған қиындықтар мен қалыптас­тырған нарықтық экономика әдебиетте әлеуметтік мәселе ретінде көрініс бере бастайды. Кеңестік кезеңде, өзін-өзі сынауға тырысқанда, жаңа тәртіпке бейімделу процесінің ауыртпалығын жеңуге тура келетін жұмыр бастыларға өз мүдделерінің, өз халқының қайғы-қасіреті мен ізгіліктің бірі ретінде адамгершілікті таңдауға сынақ берілді ме? Олардың жеке және ұлттық деңгейде өмір сүру бағытындағы күресі әділдік пен теңдікке ұмтылу бола алды ма? Жеке адам айналасынан үлкен қоғамға дейін созылатын бұл процесс Жолтай Жұмат-Әлмашұлының шағын романдарында адам болмысын айшықтау мен жүйені сынауға айналады.

Бұл зерттеуде «Ащы да тәтті өмір» кітабындағы екі қысқа романға осы тұрғыдан баға беріледі.

Нәтижесінде қазақ қаламгері Жолтай ­Жұмат-Әлмашұлы «Олигарх және олимп» пен «Интерадам» романдарында жекелік құндылықтарды жоғалтпай, әлеуметтік және жаһандық жүйеде өмір сүру үшін жеке адамның күресіне назар аудара отырып, қазіргі өзекті мәселелерді жарықтандыратын дидактикалық мәтіндер түзе алды.

Орхан Сүйлемез, профессор, доктор

Омер Фарук Атеш, Доктор

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button