ЖаңалықтарСаясат

Он айда 1,7 мың тұрғынды  қабылдады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов апта сайын өтетін онлайн-қабылдауда тағы 10 отбасының мәселесін тыңдады. Қабылдау барысында 30-дан астам сұрақ қойылды. Бұл туралы қала басшысы мәлім етті.

[smartslider3 slider=653]

«Қазірдің өзінде келесі жылға дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз: елді мекендерді дамыту, жолдарды жөндеу, әлеуметтік нысандар салу (қолжетімді тұрғын үй, мектептер, медициналық мекемелер), қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды абаттандыру және тағы басқалар. Қала тұрғындарынан келіп түсетін мәселелерді ескере отырып, елорданы дамыту жоспарына түзетулер енгіземіз. Осылайша бұрын көтерілген мәселелер негізінде бірқатар шаралар қабылданды. Атап айтқанда, тұрғын үй бағдарламасына қатысушылар санатын, оңалту орталықтарының желісін кеңейттік; инватакси санын арттырып, тұрғын үй сертификатының мөлшерін 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайттық; жаңа автобус маршруттарын іске қостық және тағы басқалар» деп түсіндірді А.Көлгінов.

Оның айтуынша, апта сайын азаматтарды қабылдау елорда тұрғындарын әлеуметтік көмекпен көбірек қамтуға, халықпен өзара байланысты нығайтуға мүмкіндік береді. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында биылғы 10 айда әріптестеріммен бірге 1,7 мыңнан астам қала тұрғынын қабылдадық. Қала тұрғындарының проблемаларын шешуді бақылауға аламыз» деді қала басшысы.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button