Ел тынысы

Он екінші Премьер – Әлихан Смайылов

Жаңа жылдың басындағы осы апта ел құлағын елеңдеткен үлкен саяси жаңалықтармен басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейне­байланыс арқылы Парламент Мәжілісінің отырысына қатысып, еліміздің жаңа Премьер-министрінің кандидатурасын ұсынды. Отырысқа қатысқан Nur Otan, «Ақ жол», «Қазақстан халық партиясы» мен ҚХА атынан сайланған 89 депутат бірауыздан Әлихан Смайыловтың кандидатурасына келісім берді. Одан соң Президент саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасады.

[smartslider3 slider=1755]

Әлихан Смайылов 1972 жылы дүниеге келген. 1994 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды «қолданбалы математика» мамандығы бойынша бітірген. 1996 жылы ҚМЭБИ-ді бітіріп, «мемлекеттік басқару» магистрі дәрежесі берілді. Ол әр жылдары Мемлекет басшысының көмекшісі болған. 2009-2014 жылдар аралығында Статистика агенттігінің төрағасы қызметін атқарды. Еңбек жолында екі рет Қазақстан Қаржы министрінің орынбасары болып тағайындалды. 2019 жылы Үкімет отставкаға кеткенге дейін Қаржы министрінің қызметін атқарды. 2019 жылғы ақпанда Мәжіліс Премьер-министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі лауазымында Әлихан Смайыловтың кандидатурасын мақұлдады. Қаңтардың басындағы елдегі толқулар нәтижесінде Үкімет басшысы Асқар Мамин отставкаға кетіп, оның міндетін Әлихан Смайылов атқарды. Премьер-министрдің «1-дәрежелі кеңесші» дипломатиялық дәрежесі бар. «Парасат» орденінің иегері.

Сол күні Мәжілістің бекітуімен және Президенттің Жарлығымен Үкіметтің жаңа құрамы жарияланды. 18 министрліктің 7-еуінің басшысы ауысты. ­Қайырбек Өскенбаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Ажар Ғиният – Денсау­лық сақтау министрі, Дәурен Абаев – Мәдениет және спорт министрі, Әлібек Қуантыров – Ұлттық экономика министрі, Қанат Мусин – Әділет министрі, Асқар Умаров – Ақпарат және қоғамдық даму министрі, Болат Ақшолақов Энергетика министрі болып тағайындалды. Қалған 11 министр ауысқан жоқ.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button