#Қазақстан Республикасының қарулы күштеріне 30 жыл

Он сегізде от кешкен…

Адамзатқа ауыр алапат әкелген Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жылға таяды. Сол сұрапыл соғысқа қатысып, толарсақтан қан кешкен өрімдей жас жігіттердің соғыстан аман қайтқаны қазір қалтылдаған қартқа айналып, қатарлары күн санап сиреп барады. Солардың бірі – бүгінгінің қарты, соғыс ардагерлерінің соңы болған Өтен Мұстафин қария.

[smartslider3 slider=2922]

Өтен Мұстафин 1926 жылдың 15 тамызында Қостанай облысының Меңдіқара ауданында дүниеге келген. Әскер қатарына 1944 жылдың 15 желтоқсанында алынып, Шұбаркөлдегі қосалқы полкте төрт ай дайындалғаннан кейін ол алдыңғы шепке аттанды. Осылайша 18 жасында қолына қару алған ол 1945 жылдың наурызында ІІ Беларусь майданына, Минск қаласын жаудан азат етуге, сәуірде 303-атқыштар полкінің құрамында Одра өзені үшін болған үлкен шайқасқа қатысты. Ерлікпен шайқас жасап, елін, жерін қорғады. Соғыстың жеңіспен аяқталған қуанышты хабарды да ол осы Балтық теңізі жағасында жүріп естіді.

Өтен Мұстафин соғыстан аман-­есен елге келген соң ішкі істер бөліміне жұмысқа орналасып, 1981 жылы зейнетке шықты. Майдандағы ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен және 6 мерекелік медалімен, Ішкі істер саласындағы үздік қызметі үшін 5 медальмен марапатталған. Бес бала тәрбиелеп, олардан немере, шөбере көрді. Осыдан оншақты жыл бұрын елордаға қоныс аударған ардагер қазір бас қалада бала-шағаларымен бірге бақытты ғұмыр кешуде.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button