Жаңалықтар

Өндіріс өркендеп келеді

Елордада 2015 жылдың алғашқы жарты жылдығында өнеркәсіп өнімінің көлемі 122,4 млрд теңгеге жетті. Ал, өнеркәсіп өндірісінің нақты индекс көлемі 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 107,8%-ға өскен. 

Қалалық Статистика депар­та­ментінің мәліметінше, өңдеу өнер­кәсібіндегі өнімнің нақты көлемі 2014 жылғы қаңтар-маусымдағы деңгеймен салыстырғанда 9,8%-ға ұлғайып, 90,6 млрд теңгеге жеткен. Бұл саладағы өсім металлургия мен ағаштан жасалған бұйымдарда,
сабаннан және өруге арналған материалдан жасалған бұйымдар өндірісінде анық байқалады.
Тамақ өнімдері өндірісіндегі нақты индекс көлемі 92% болса, 2014 жылғы қаңтар-маусымдағы деңгеймен салыстырғанда шұжық өнімдерін өндіру 16,6%-ға қысқар­ған. Керісінше, макарон өнімдерін өндіру 14,4%-ға өсті.
Құрылыс индустриясы кәсіп­орын­дарында цементтен, бетоннан немесе жасанды тастан жасалған тақташалар, тақталар, кірпіштер және осыған ұқсас бұйымдар өндірісі қанат жайды. Ал, машина жасау өнімнің нақты көлемінің төмендеуі негізінен өзге де көлік құралдарын шығарудың қысқаруына қатысты болып отыр.

Жұма ҒАЗИЕВ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button