Sport

«Өнер барысы» – Сырымбет пен Асылхан

Нұр-Сұлтан қаласында «Дәулет» спорт кешенінде Наурыз мерекесіне орай қазақ күресінен тұңғыш рет «Өнер барысы» республикалық турнирі өтті. Жарыстың басты мақсаты – қазақ күресін дәріптеу және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау болды. Оған 16-36 жас аралығындағы өнер иелері – әртістер, музыканттар, айтыскер ақындар қатысты.

Атап айтқанда, «Нысана» театры­ның әртісі Абай Аязбаев, әнші Серік Ибрагимов, белгілі вайнер, актер Мейіржан Төребаев, вокалист Амангелді Өтешов, әнші, актерлер Артур Төлепов, Нұрболат Абдуллин, Аян Өтепберген, айтыскер ақындар Нұрлан Мусаев, Әлібек Серғалиев, театр және кино актерлері Еркебұлан Дайыров пен Азамат Шарғын, айтыскер ақын әнші, ақын, тележүргізуші Ардақ Байғабыл, КТА қатысушылары Ғалым Махамбетов, Ақболат Өтебай, Хамит Ердехан күш сынасты.


Дүбірлі додаға қатысушылар екі ай бойы бапкерлердің нұс­қауымен жаттығып, күрес техникасын меңгерді. Жарыс қазақ күресінен бекітілген ережелерге сәйкес өткізілді. Еліміздің жоғары деңгейлі төрешілері палуандарға өз бағаларын берді.
Қалың көрермен тамашалаған шараның қорытындысында жеңімпаздар екі салмақ дәрежесі бойынша анықталды. Ауыр салмақ дәрежесінде актер Сырымбет Бибосынов чемпион атанса, орта салмақта «Жаужүрек мың бала» тарихи картинасында Сартай батырдың рөлін сомдаған Асылхан Төлепов топ жарды.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button