Мәдениет

Өнер кеңістігінде – балалар театры

Жақында елордада «А.И. балалар театрының» ашылуына орай «Ұр, тоқпақ» қазақ халық ертегісінің премьерасы өтті. Музыкалық жас көрермен театрының сахнасында қойылған спектакльдің қоюшы режиссері – Мәдениет саласының үздігі Бейбіт Құсанбаев, қоюшы суретші – Алтынай Жүсіпәлі, хореограф – Ақбота Шойынбек, хормейстер – Жұлдыз Телхожаева.

[smartslider3 slider=1894]

«А.И. театрының» директоры, әнші, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Иманбаеваның айтуынша, балалар театрының құрамы бір жарым жыл бұрын Нұр-Сұлтан қаласында ашылған «А.И. өнер академиясы» шәкірттерінен құралды. Бастапқыда бұл академия 30 баламен ғана ашылса, қазір шәкірттер саны 300-ге жуықтады. Оған қатысатын балалардың жасы – 6-17 жас аралығында.

– «А.И. балалар театрында» үш құрам бар. Бірінші құрам – қазақша, екінші құрам – орысша, үшінші құрам ағылшынша спектакльдерге қатысады. Неге жұмысты «Ұр, тоқпақ» қазақ халық ертегісімен бастадық? Өйткені мұнда қазақтың колориті бар. Еуропа мен Американы «Күлше қыз» бен «Шрекпен» таңғалдыра алмаймыз. Сол үшін алдымен ұлттық ертегіні қолға алдық. Әрине, жоспарымызда әлемдегі балалар театры фестивальдеріне қатысу бар. Ондағы ниет балалар өнердегі бағын сынап, өздерінің нақ бағасын алса екен дейміз. Алда «Ұр, тоқпақты» қазақ тілінде ғана емес, орысша да, ағылшынша да қоямыз, – дейді Айгүл Иманбаева.

Әсия НҰРБЕКҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button