Руханият

Өнер мен ғылым көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Уақыт және Астана: Болашақтан кейін» атты заманауи өнер көрмесі ашылды. 21 қаңтарға дейін жалғасатын көрмеге 25 жас автордың инсталляция, фото немесе бейнеарт, перформанс, кес­кіндеме жанрындағы туындылар қойылды.

«Көрмеде тәжірибелік туын­дыларды көріп отыр­­-сыз­дар. Оған суретшілер ғана қатыспай, ғалымдар, әлеуметтанушылар, фило­софтар, сәулетшілер, ан­тропологтар, биологтар ат­салысты. Мұндағы жұмыстар Астана болашақта қалай өрлейтіні, қаланың дамуын тежейтін қандай ойлардан арылуымыз ке­ректігі жөнінде сыр шертеді. Көбіміз елордаға не­гізінен сырттан келдік. Сондықтан әлі де Астанаға бой үйрете алмай жүр­ген адамдар арамызда жүр. Мына көрме Астананы қала тұрғындарына неғұрлым жақындату, еліміздің бас қаласын адамдарға жай­лырақ ету мақсатында ұйымдастырылды. Осында туындылары қойылған суретшілердің жасы Қазақстан тәуелсіздігімен шамалас. Әрине, олар тәуел­сіздікке дейінгі кезең мен бүгінді, болашақ өмірді қалай елестететіні бәрімізді қызықтырады» деді ҚР Ұлттық музейі Заманауи өнер орталығының жетекшісі Роза Әбенова.
Көрме кураторы Әйге­рім Қапардың айтуынша, «Artcom» шығармашылық комму­ни­кациялық платформасының бастамасымен жүзеге асып жатқан аталмыш жоба өнерді ғылыммен ұштастыруды көздейді.
«Қазір, негізінен, Ақмола­ның Астана боп өзгерген бергі жиырма жылдық тари­хын ғана сөз етеміз. Кезінде Қазақстандағы тың өлкесінің орталығы болған Целиноград кезеңін еске алғымыз да келмейді. Оны­мыз бір жағынан дұ­рыс та, себебі тыңның елімізге әкелген зардабы белгілі. Мәселен, көркем әдебиетте Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лау­реаты Сәкен Жүнісов­тің «Жапандағы жалғыз үй» повесі мен көрнекті ақын Кеңшілік Мырзабеков­тің «Боз бие немесе тың жыртқан жыл» өлеңі бұл науқанды әшкерелейді. Көрмеге қойылған Асхат Ахмедияровтың «Орақ пен балға» туындысы еріксіз кеңестік кезеңді еске түсіреді екен.
Бұл көрмедеге картиналардағы оң жағалау – Астананың кешегісі, сол жағалау – бүгінгісі және «ЭКСПО-2017» көрмесінің аумағы – болашағы секілді елес-тейді. Көрмені аралап жүргенде ойландыратын картиналар біраз кездеседі. Ал оларды сал­ған жас суретшілер екенін ескерсек, елімізде бейнелеу өнерінің болашағы жайлы кемел ойлар келеді.

Аманғали ҚАЛЖАН

Тағыда

Таңатар Төлеуғалиев

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button