Жаңалықтар

Өнер өріне жетелейді

2 тамызда Тәуелсіздік сарайында бейнелеу өнерінен бұқаралық ақпарат құралдарына ар­налған «Қайнар» шеберлік сыныбы өткізіледі. 

Тәуелсіздік сарайы мен Астана қаласының әкімдігі мұндай іс-шараларды бұған дейін балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен мүгедектері үшін ұйымдастырған болатын. Бұл жолы бейнелеу өнері бойынша шеберлік сыныбына журналистер мен барша астаналықтар қатыса алады. «Әр қатысушы өз бетінше декоративтік-қолданбалы өнердің қандай да болмасын бір затын жасайды немесе жеке картинасын салып көреді. Шеберлік сыныбының идеясы – бейнелі ойлаудың өрісін кеңейтіп, әр адамды өнер туындыларын жасаудың құпия әлеміне жетелеу болып табылады» дейді ұйымдастырушылар. Сабақта бейнелеу өнері түрлерінің кең спектрі ұсынылып, астаналық суретшілер, мәдениет және өнер қайраткерлері дәріс береді.

Еркежан СӘТІМБЕК

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button