Мәдениет

Өнер университеті елордамен бірге көркейді

Айман МҰСАҚОЖАЕВА, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры:

Қазақ ұлттық Өнер университеті – Астанамен бірге өсіп-өркендеп келе жатқан оқу ордасы. Осындай өнер және білім ордасын құру – көкейімде көптен жүрген жобам болатын. Бірақ, бұл ойым Астанада жүзеге асады деп әсте ойламаппын. Елбасы болашақ өнер шаңырағы мен ойлағандай Алматыда емес, жаңа Астанада ашылу қажеттігін айтқан еді. Міне, осылайша, Мемлекет басшысының қолдауымен университетіміздің іргетасы елордада қаланған болатын.

Бұрынғы Қазақ ұлттық му­­зыка академиясы, қа­­зір­­гі Өнер уни­­вер­­ситеті елор­дамыз енді ғана құрыла бас­­­таған 1998 жы­­лы дүниеге кел­­ді.­­
Қазақ ұлттық Өнер уни­­вер­­си­­теті – бұрынғы Чайковский атындағы №1 музыка мектебi мен­­ Ақмоланың музыка колледжiнiң базасында­ құрылды. Ұлт өнерінің үлкен шаңырағын кө­те­­ру алғашында жеңіл тимегені рас. Білікті ма­­мандардың тапшылығын былай қойғанда, олар­­дың әлеуметтік мәселелерін шешу, орналастыру оңайға соқпады. Мұның сыртында білім ордасына керекті құрал-жабдықтар мен музыкалық аспаптардың жетіспеушілігі, оқу аудиторияларының аздығы, қаражат тапшылығы біраз қиындықтар туғызды. Тәжірибе алмасу үшін шетелдік музыканттарды шақыру міндеті де алдымызда тұрды. Осындай күрделі кезеңдерде Елбасының сенімі мен қамқорлығы жанымызға демеу болды. Қашан да өнерге қолдауын аямаған Президентке алғысымыз шексіз. 1998 жылы Астананың халықаралық тұсау­ке­серімен бірге, біздің Өнер университетінің де тұсауы кесілді. Оған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қатысып, білім және өнер шаңырағының алғашқы қадамына ақжол тіледі.

Алғашында Музы­ка­лық академия ретінде ел­ге танылған шаңырақ кейін мә­­дениеттану, өнер­­тану, хо­­рео­­г­­рафия, кес­­кiндеме, мү­­сiн, режиссура, театр өнері сын­­ды жаңа ма­­мандықтар қосылуына бай­­ла­­нысты, Өнер уни­­верситеті болып қай­­тадан құрылды.

Бізге оқуға түскен адам алғашқы білі­мін мектептен алып,­ содан­ кейін кол­­ледж­­­де шың­­дап, әрі қа­­рай бакалавриат­­та­ жалғастырады. Мұндағы мақсатымыз – орын­­дау­­шылық өнер мен ғылыми-ағартушылық са­­ласын қатар оқыту, яғни жан-жақты, білімді жас­­тарды даярлау. Бұл шәкірттер арасында бә­­секелестікті туғызып, өнер жолында биік табыстарға жетуге жетелейді. Оның нәтижесін көріп те жүрміз. Оқу орнымыздан қанат қаққан талай шәкіртіміз сенімімізді ақтады. Жыл сайын Австрияда, Ватиканда, Сан-Бартоломеода өтетiн халықаралық конкурстарда топ жарып, жүлдегер атанған дарынды жастарымыздың көбейгені – мақсатымыздың орындалып, үмітіміздің ақталғаны деп білемін. Өнер университетін құрған кезде Қазақстанның орталық, солтүстік өңірлерін, соның ішінде жаңа Астанада ұйымдастырылып жатқан шығармашылық ұжымдарды жоғары білімді кәсіби мамандармен қамтамасыз етуді де міндетімізге алған едік. Бұл ойымызды да толығымен жүзеге асырдық деп ойлаймын. Қазір түлектеріміз Астанада ғана емес, республиканың түпкір-түпкірінде жұмыс істейді, кейбіреулері шетелдерде оқуын жалғастырып жатыр.

Кезінде өзім басқарып отырған университетті Алматыдан басқа жерде елестете алмайтын едім. Ал қазір керісінше. Өнер университетін Астанадан өзге өңірде елестете алмаймын. Білім ордасы Астанамен бірге көркейіп, дамып келеді. Қайнаған тыныс-тіршіліктің орталығына айналған бас шаһар біздің де құтты мекеніміз болды. Қазіргі таңда Өнер университетінің әлемдік деңгейде азды-көпті беделі бар. Шәкірттеріміз талай халықаралық байқауларда топ жарып, мерейімізді өсіріп жүр.

Әрине, бұл тоқмейілсігендік емес. Біз алда әлі талай биіктерді бағындыруға талпынатын боламыз. Ең бастысы, Қазақ ұлттық Өнер университеті қай жағынан да Астананың мәртебесіне сай болуы керек. Міне, басты мақсатымыз да осы.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button