Тәуелсіздікке 30 жыл

Өнерге өріс ашты

Жақында жарияланған Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласын оқып шықтым.

Сөзді әріден сабақтап, бүгінгі жетістігіміздің оңайлықпен қолға келмегенін дәйекті дәлелмен көрсеткен мақала маған айрықша ұнады. Біздің елдің осындай деңгейге жетуіне Елбасының сіңірген еңбегі ерекше. Оған ешкім көз жұмбайды. Мәдениет саласының дамуын да Елбасының еңбегінен бөле қарауға болмайды. Мәселен, Тұңғыш Президентіміз Астаналық цирк ғимаратын 2005 жылы ашты. Содан бері танымалдығымыз артып, әлемге өзімізді мойындатып келеміз. Қазақ циркі әртістерінің өнері дамып, әлемге паш етіп жатқанымыз – Тұңғыш  Президентіміздің мәдениет саласына көңіл бөлгенінің нәтижесі. Елбасының қолдауымен бізде «Азия жаңғырығы» атты фестиваль ашылды. Әлемге танымал болдық. Бүкіл әлемнен астанамызға келіп, «Азия жаңғырығы» фестиваліне қатысты. Әрине, өнер болғаннан кейін бір орында тұрмауымыз керек. Біз сабақтасып, қарым-қатынаста шығармашылық тұрғыда ұмтылуымыз керек». Сонымен қатар ол қазақстандықтарды желтоқсан айындағы қос меркемен құттықтады. Халқымызды, әсіресе өнер саласында жүрген әріптестерімізді, ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесімен, Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық табыс тілеймін!

Ерік  Жолжақсынов,

«Астаналық цирк» МКҚК бас директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button