Жаңалықтар

ӨНЕРЛІЛЕР ӨРГЕ ЖҮЗДІ

Кеше «Конресс-холл» сарайында Астана қаласы Білім басқармасы мен Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен «Балалық бойтұмары» атты мерекелік концерт өтті. Оған тәрбиеленушілермен бірге ата-аналар, ұстаздар және арнайы шақырылған меймандар қатысты.  

1 маусым – Балаларды қорғау күні қарсаңында өткізіліп отырған іс-шара барысында Оқушылар сарайының өнер, білім, ғылым, сурет, вокал, спорт, дизайн, би, робот техникасы үйірмесі бойынша жүзден аса тәрбиеленушісі осындағы оқып-үйренгендерін көпшілік назарына ұсынды.
Оқушылар сарайындағы әр үйірменің өсіп келе жатқан өскелең ұрпақты сан түрлі өнерге баулып, олардың жан-жақты өсіп-өркендеуіне қосар үлесі мол екені сөзсіз. Мұндай тәрбиелік, танымдық қадамдар баланың болашақ сүйікті мамандығын таңдап, өмірдегі өз жолын айқындауына да әсер етеді.
Сондықтан, «Балалықтың бойтұмары» атты концерт бағдарламасына енгізілген жас таланттар өнерінің балауса көрермендерге берер тәрбиелік мәні зор болды.

Жұма ҒАЗИЕВ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button