#Жаңа Қазақстан

Оңайгүл Тұржан: Еліміздің жаңа бағыты айқындалады

Бүгін, міне, көптен күткен 20-қараша да келіп жетті. Еліміз үшін өте маңызды күні сайлау учаскемізге барып, өз таңдауымызды жасадық. Мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да орналасқан #19 сайлау учаскесінде дауыс бердім.Бұл сайлау – әділетті Қазақстан құру жолында, Жаңа Қазақстанның жаңа бағытын айқындау жолында болайын деп отырған сайлау. Мемлекет мүддесін бәрінен биік қоятын ҚР Президенті Қ-Ж. Тоқаевтың бұл шешімі – әділетті қоғам құрудың басты талабы ретінде әділ сайлауды өткізу болатын. Биылғы сайлауда «Әділетті Қазақстанды» құрудың алғышарты ретінде президент енді бір рет 7 жыл мерзімге сайланады. Бұл енді елде белгілі бір тұлғаның немесе әулеттің белгілі бір артықшылығына шектеу қояды және ол әділ түрде өткізілген сайлау арқылы жүзеге аспақ. Демек, осы 7 жыл ішінде елде көптеген реформалар мен өзгерістер жүзеге асырылмақ, маңызды стратегиялық бағдарламалардың орындалуы үшін тиімді мерзім болмақ.

Оңайгүл Тұржан, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button