Қоғам

Оңайгүл Тұржанның «Ағаштар үнсіз өседі» атты жаңа жыр жинағының тұсаукесері өтті

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында ақын, филология ғылымдарының кандидаты Оңайгүл Тұржанның «Ағаштар үнсіз өседі» атты кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған іс-шара ақынның 70 жылдық мерейтойына орайластырылды.

Жиынға белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен оқырмандар қатысты.

Іс-шарада Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаты оқылды.

«Өлеңсүйер қауым өзіңізді талғамы биік, тілі шұрайлы, ойы құнарлы, басқаға ұқсамайтын өзіндік көркем әлемі бар ақын ретінде жақсы біледі. Ғылым жолындағы баға жетпес еңбегіңіз, шәкірт тәрбиелеудегі ізденімпаздығыңыз әрдайым жоғары бағаланады. Танымы терең ғылыми еңбектеріңіз бен ақындық шеберлігіңіз арқылы ұлттық руханиятымызды байытып, өскелең ұрпаққа өшпес мұра қалдырып келесіз. Жан толғанысыңыздан жарық көріп, бүгін тұсауы кесілгелі тұрған «Ағаштар үнсіз өседі» атты жаңа еңбегіңіз де ойлы оқырманның жүрегіне жол табатынына сенімдімін», – делінген құттықтау хатта.

Жаңа өлеңдер жинағы екі бөлімнен тұрады. Оған ақынның кейінгі жылдары жазылған шығармалары енген.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button