Елорда күні

Оңалту орталығы ашылды

Елордада «Қамқорлық» ерте оңалту-араласу орталығы ашылды. Орталық 3 айдан 3 жасқа дейінгі дамуында ауытқуы бар немесе пайда болу қаупі бар балаларға алғашқы даму кезеңінде кешенді көмек көрсетеді. Атап айтқанда, мұнда әртүрлі неврологиялық диагнозы бар балалар қабылданады. Орталықтың ашылуына Тұңғыш Президент қоры, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, қалалық әкімдік өкілдері қолдау көрсетті.

[smartslider3 slider=3440]

 – Елімізде әрқашан бала құқығын қамтамасыз етуге, денсаулығын сақтау мен әлеуметтік қорғауға көп көңіл бөлінген. Мұндай орталықтар біздің балаларымызға неврологиялық ауруларды емдеуге көмектеседі, оңалту және қалпына келтіру процесін жеделдетеді. Бұл жерде айына 50-ге жуық баланы қабылдау жоспарланып отыр. Қазір арнайы бағдарламалар жасалды. Тәжірибелі мамандардан тұратын ұжым баланың ерекшелігін ескере отырып, кешенді оңалту үшін барлық жағдайды жасайтын болады. Әрқайсысына жеке күтім көрсетіледі, – деп атап өтті қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов.

Балаларды невролог, реабилитолог, ЕДШ кабинетінің дәрігері, педиатр, ортопед, сурдолог мамандардан құралған арнайы мультидисциплинарлық ұжым бақылайды. Сонымен қатар педагогикалық құрам, дефектолог, логопед, эрготерапевт, психолог, ЕДШ нұсқаушылары қызмет көрсетеді. Орталыққа соңғы үлгідегі заманауи ­құрал-жабдықтар сатып алынған.

Баян асылбекова

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button