Елорда тынысы

Оңалту орталығы ашылады

Қалалық мәслихат депутаттары «Мarmara» ерекше балаларды оңалту орталығының негізін қалаушысы Серкан Кайдың шақыруымен Түркияға ресми сапары барысында мекеменің қызметімен және жұмыс әдістемелерімен танысты.

«Олар, ең алдымен, әрбір бала үшін жеке бағдарлама бойынша оңалтуды әзірлеуді көздейді. Шетелдік мамандар Астанада орталық ашу, сондай-ақ қазақстандық әріптестерімен тәжірибе бөлісу туралы ұсынысымызды ­қуана қабылдады. Шетелдік сапардың қорытындысы бойынша мәслихат депутаттары, сондай-ақ Қоғамдық денсаулық сақтау, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мамандары қатарынан 2 жұмыс тобы құрылды. Бірінші топ №2 көпсалалы ауруханада енгізілетін қанатқақты жоба бойынша медициналық қызметтерді цифрландырудың түрік тарапымен бірлесіп дамыту жөніндегі меморандум дайындаумен айналысады. Екінші топ ғимараттар мен үй-жайларды іздеу мәселелерімен және ерекше балаларға арналған оңалту орталығын ашу үшін 3 жылға сенімгерлік басқаруға беріледі» деп жазды Ерлан Каналимов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button