ЖаңалықтарСаясат

Өңірлерді дамытуға мән беріледі

Сенатта жаңартылған құрамдағы «Өңір» депутаттық тобының отырысы өтті. Аталған топтың жұмысындағы негізгі бағыттардың бірі – Қазақстанның өңірлерін дамытуға қатысты ұсыныстар әзірлеу. Отырысты ашқан Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысы өңірлерді дамытуға баса мән беріп отырғанын, соған байланысты депутаттардың алдында маңызды міндеттер тұрғанын айтты.

[smartslider3 slider=394]

«Мемлекет басшысы өңірлік саясатты жетілдіруге, олардың әлеуетін және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға баса мән беріп отыр. Таяуда ғана Президентіміз Ұлттық жобалар тізбесін бекітіп, Үкіметке нақты міндеттер жүктеді. Ұлттық жобалардың бірі «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» деп аталады. Осы орайда депутаттық топ өзіне берілген өкілеттіктер аясында Президент тапсыр­маларының іске асырылу барысына бақылау жүргізе алатынын атап өткен жөн. Сондай-ақ осы салада заңнамалық ұсыныстар әзірлеу мүмкіндігін де пайдаланған жөн»  деді Мәулен Әшімбаев.
Сенат спикері Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында айтқан өңірлік дамуға қатысты басымдықтарға да тоқталып өтті. Сондай-ақ отырыс кезінде өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы теңсіздіктерді азайту, олардың қаржылық дербестігін арттыру және урбандалу, ауылдарды дамыту, өңірлердің инфрақұрылымын жаңғырту мәселелері сөз болды. Мұның бәрі Президент Жолдауында белгіленген нақты міндеттер екені белгілі. Іс-шараға қатысушылар өңірлерді дамыту мәселесі Сенат жұмысындағы негізгі басымдықтардың бірі екеніне тоқталды.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button