ЖаңалықтарҚала мен Сала

Өңірлік жәрмеңке басталады

Шаһардағы бағаны тұрақтандыру және тұрғындарға азық-түлікті қолжетімді бағада сатып алу мүмкіндігін ұсы­ну мақсатында ел­ордадағы «Думан» СОО орталығының, Қ. Мұңайтпасов атын­дағы стадионның, Оқушылар сарайының автотұрақ аумағында жәрмеңкелер ұйым­дастырылуда. Онда республиканың түкпір-түкпірінен әкелінген азық-түлік өнімдері арзан бағада сатылады. 

08

Осы аптада биылғы 54-жәр­меңке өтті. Шара барысында бірқатар азық-түлік тауарларының бағасы кәдімгідей төмендегенін байқадық. Мысалы, Ас­тана қаласы мен Қызылорда облысы әкімдіктері арасында жасалған меморандум аясында бұл жолы күріштің келісі 175 теңге болды.
Қалалық Ауыл шаруашылық бас­қар­масы өкілдерінің айтуынша, 3 қыр­күйектен бастап апта сайын өңірлік жәрмеңкелер өткізу жоспарланып отыр. Әр жәрмеңке кезінде бақылаушылар ба­­­ғаға мониторинг жүр­гізеді. Сондай-ақ, барлық жәр­меңке алаңдарына тексеру таразылары қойылады. Мұның бәрі бағаны қолдан көтермелеуге жол бермеу үшін жасалмақшы.
Жалпы, жәрмеңкелер мау­сымы бас­талғалы бері елордада құны 660 миллион теңге көлеміндегі 1304 тонна ауыл шаруашылық өнімі сатылыпты.

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button