Айтпайын-ақ деп едім!

Оңтүстік атауы жоқ, солтүстік қажет пе?

Жақында Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы «Кеңес заманынан қалған атаулардан арылатын уақыт жетті. СҚО-ға – Қызылжар, Павлодарға – Баянауыл, БҚО-ға – Ақжайық, ШҚОға – Алтай деген тарихи атауларын қайтаруымыз керек» деген пікірін айтты. Сонымен қатар, ол өзі депутат болып жүрген кезде Парламентке жер-су аттарын орысша атамау жөнінде ұсыныс жасап, заңға жер аттарын орысша жазуға тыйым салатын норма енгізілгенін де еске салып, «қазіргі заң бойынша жер аттарын орысша атауға тыйым салынады, Абай көшесін Абая деп ауыстырып жазуға болмайды» деп атап көрсетті.

Саясаткердің бұл орынды ұсынысы қазір қоғамда қызу талқыланып жатыр. Әсіресе жылдар бойы жыр болған жер аттарын ауыстыру жөніндегі ұсынысқа қарапайым халық та қуана қолдау көрсетуде. Әрине, Батыс Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысы деген географиялық атаулардың шұбалаңқы екені рас. Бірақ соған қарамастан бұл атаулар күні бүгінге дейін қолданыстан қалмай келеді. Кеңес заманы кезінде орнығып, әбден тіліміз үйреніп кеткен бұл атаулардың арасынан тек «Оңтүстік Қазақстан облысын» Түркістан деп өзгерттік те қалғанын қалдырдық. Яғни, солтүстігі бар Қазақстанның оңтүстігі жоқ. Демек, жағырапиялық атау тұрғысынан алғанда, біздің төрт бағытымыз түгел емес, бір аяғы жоқ барыс сияқты, ақсақ. Кезінде Ғабит Мүсірепов «оңтұс», «солтұс» деп жазғанын да ескеру керек. Осы тұрғыдан алғанда, іргелі облыстарды жағырапиялық орналасу бойынша атамай, Қызылжар, Ақ- жайық, Алтай десек, құба-құп болар еді. Өскеменнің «Кеңгір Тұра» деген тарихи атауын да ескеру керек. Бұл Жаңа Қазақстандағы жаңа бір ишара, қадам болар еді…

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button