Жаңалықтар

Оңтүстік өнімдерін әкелді

Нұр-Сұлтан қаласында Түркістан облысының ауылшаруашылық өнімдері жәрмеңкесі өтті. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан бұл жәрмеңкеге биыл Түркістан өңіріндегі ауыл шаруа­шылық өнімдері өндірісімен айналысатын 80-ге жуық өндіруші жалпы құны 116 млн теңгені құрайтын 365 тонна өнім әкелді.

Жәрмеңкеде отандық өнімдер базар бағасынан 10-15 пайыз төмен бағада сатылды. Сондай-ақ 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 16 жасқа дейінгі балаларға Түркістан облысы кәсіпорындары өндірген табиғи таза балмұздақ пен сүт өнімдері тегін үлестіріліп, мереке мерейін асырды.
Жәрмеңкеде жұрт таласа алып жатқан өнімдердің бірі – шұбат болды. Сондай-ақ «Бөрте милка» деген маркамен бес-алты түрлі сүт өнімдері жақсы сатылып жатты.
Оңтүстіктің ерте шыққан көкөнісі мен жеміс-жидегіне де қызыққандар көп болды. Түптеп айтқанда, Түркістаннан келген азық-түлік керуені көпшіліктің көңілінен шықты.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button