Басты ақпаратЖаңалықтар

Оңтүстікке – оң серпін

быстрый займ без проверок на карту в течении 5 минут

Сейсенбі, 19 маусым күні, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа жария түрде қол қойды. Мемлекет басшысы осы қол қою рәсімінде Шымкент миллионнан астам тұрғыны бар Астана мен Алматы қалаларының қатарына қосылғанын айтты.

– Бүгін мен қол қоятын Жарлық Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесін береді. Бұл әкімшілік бірлік еліміздегі он жетінші аймақ болады. Облыс орталығы ғасырлар бойы Қазақ хандығының және бүкіл түркі әлемінің саяси әрі рухани орталығы болған Түркістан қаласына көшіріледі, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев жаңадан құрылған Түркістан облысында жаңа әкімшілік функцияларды сапалы іске асыру үшін барлық мүмкіндіктер бар екенін айтып, қабылданған шешімнің тарихи мәніне тоқталды.

– Шымкент біздің елдің ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңірінің инвестициялар, технологиялар және интеллектуалды ресурстар тартатын жаңа орталығына айналады. Бұл үшін барлық жағдай мен қажетті әлеует бар, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті Шымкенттің республикалық мәртебе алуы оның одан әрі ілгерілеуіне септігін тигізетініне және қаланың алдында жаңа перспективалар ашылатынына сенім білдірді.

– Бұл қадам шаһардың теңгермелі әлеуметтік-экономикалық дамуына және бүкіл өңір тұрғындарының тұрмыс сапасының дәйекті түрде артуына тың серпін береді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қол қою рәсімінің соңында Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігіне, Үкіметке және облыс әкімдігіне Жарлықты сапалы әрі шұғыл іске асыру, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік органдар мен мекемелердің үздіксіз әрі тиімді қызметін қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Елбасы ел өміріндегі аса маңызды құжаттарға жария түрде қол қоюды дәстүрге айналдырған. Мына Жарлықтың да тәуелсіз еліміз бен келешек ұрпақ үшін маңызы зор.

Сүйінші, ағайын! Тәуелсіздікке қол жеткізген ширек ғасырдан астам уақыт ішінде Қазақстанда жаңа әкімшілік құрылым пайда болды. Осы кезеңде әртүрлі саяси және экономикалық алғышарттар мен жағдайларға байланысты кейбір облыстар таратылып, енді бірі ірілендірілгені белгілі. Бұлар, әрине, заман, уақыт талабына сәйкес қабылданған шешімдер болатын.

Қазақстан картасында жаңа атаудағы облыстың пайда болуына себепкер – көне де қасиетті Шымкент шаһары. Екі мың жылдан астам тарихы бар шежірелі шым қала тәуелсіздік дәуірінде жаңаша қарқынмен дамыды, мегаполиске айналды, енді ол – миллионнан астам тұрғыны бар еліміздегі үшінші алып шаһар. «Өмір адамға бір-ақ рет беріледі, оны Шымкентте өткізу керек» деген қанатты сөздің жаны бар. Суы бал, жері бау жасыл шаһар жұмақ бағындай жайлы. Оңтүстік өңірде дүниеге келіп, Шымкентте 12 жыл қызмет еткен тәжірибеге сүйеніп айтар болсақ, бұл қала бұрыннан да өз киіміне сыймай ерте өсіп, есейіп кеткен жеткіншекті көзге елестетер еді. Тұрғындары кәсіпке бейім, жүзі жылы, әңгімесі жұмсақ шаһардың басшылары арагідік облыс әкімімен ортақ тіл табыса алмай, ісі қабыса алмай жататынына да куә болғанымыз бар. Иә, Шымкенттің аты – Шымкент. Осы қаланың патриоты ретінде Парижден бес есе үлкенбіз деп бөрікті аспанға атып, көзге қораш жер үйлерді көбейте бергенше хатшы Рамазановтың көзін көрген әуежайды неге жаңғыртпайсыздар, ұят болды ғой деп жазғанымыз да бар. Енді үлкен мүмкіндік берілді Шымкентке, енді бұрынғыша облыс деп алаңдамайды, етек-жеңін жиып, тотыдай таранып, сұңқардай сыланатын уақыт туды.

Жария түрде қол қойған Елбасы Жарлығында «Қазақстан Үкіметі Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту бойынша бас жоспарды әзірлеуге конкурс ұйымдастыру және өткізу жөнінде комиссия құрсын» деген жолдар бар. Бұл – тәуелсіз Қазақстанның түркі әлемнің бесігіне, қасиетті шаһарға көрсеткен перзенттік құрметі. Ұлы бабалар мәңгі тыныстаған көне де киелі қаланың жаңа тынысы ашылып, енді жаңаша дамитыны ақиқат. Бет қатталып жатқанда Елбасы Жарлығымен Түркістан облысына Жансейіт Түймебаев, Шымкент қаласына Ғабидолла Әбдірахимов әкім болып тағайындалды. Жаңа басшылардың ісіне сәттілік тілейміз.

Еркін ҚЫДЫР

Тағыда

Еркін Қыдыр

«Астана ақшамы» газетінің бас редакторы

Ұқсас жаңалықтар

Бір пікір

Пікір үстеу

Back to top button