Жаңалықтар

Онколог мамандар тәжірибе алмасты

Нұр-Сұлтан қаласында онколог дәрігерлердің қатысуымен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

[smartslider3 slider=1170]

Оған еліміздің облыстарынан осы саланың мамандары мен көршілес Ресей, Қырғызстан, Қытай Халық Республикасынан ғалымдар қатысты.

Қазір Қазақстанда онкологиялық аурумен есепте тұрғандардың саны 170 мыңнан асады. Ал жыл сайын 36 мыңға жуық адам қатерлі ісік диагнозымен тіркеледі. Бұл көрсеткіштің әр жыл сайын өсіп отырғанын айтқан онкологтар, қазіргі кезде жаман ауруға шалдықтыратын себептердің де көп екенін алға тартады. Тек елімізде ғана емес, әлемде әйелдердің сүт безі қатерлі ісігі алдыңғы орында тұр. Қазақстанда бір жылда 4 мыңнан астам адам сүт безі қатерлі ісігіне шалдықса, 1400-ге жуығы онкологиялық аурудың осы түрінен көз жұмады.

Бұдан кейінгі көрсеткішті өкпе қатерлі ісігі көрсетсе, асқазанның қатерлі ісігі де өршіп тұр. Дәрігерлер онкологиялық аурулардың ең басты себептеріне тұқым қуалаушылықты жатқызғанымен, экология мен дұрыс тамақтанбау, салауатты өмір салтын ұстанбау дерттің дендеуіне жол ашып отырғанын айтады.

– Бүгінгі халықаралық конференцияның жұмысы жемісті өтуде. Біз қазір онкология саласындағы үлкен жетістіктерді практикалық жағдайда қолданудамыз. Тәжірибе алмасып, күн тәртібіндегі мәселелерді жан-жақты талқыладық, – дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің көпсалалы медициналық орталығының директоры Мұхтар Төлеутаев.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button