Денсаулық

Онкология ұйымдарында әйелдер үшін бірыңғай ашық есік күні

2024 жылғы 27 қаңтарда жатыр мойны обырының алдын алу апталығы аясында Қазақстанның өңірлік онкологиялық ұйымдарында әйелдер үшін бірыңғай Ашық есік күні өтеді.

Әйелдер жатыр мойны патологиясы бойынша онкогинекологтардан тегін консультация алып, қарала алады. Ашық есік күні Астанада сағат 09:00-13:00 аралығында Манас көшесі, 17 мекенжайдағы Көпбейінді  медициналық орталықта өткізіледі. Анықтама үшін телефондары: 954033, 954034.

Жатыр мойны обыры –  жатыр мойны эпителийінде пайда болатын қатерлі ісік әрі ол Қазақстанда әйелдерде жиі кездесетін онкологиялық аурулардың бірі, сонымен қатар бұл Адам папилломавирусына (HPV) қарсы вакцинациялау арқылы алдын алуға болатын жалғыз қатерлі ісік түрі. Көп жағдайда жатыр мойны обырының дамуына адам папилломавирусы (HPV) себеп болады. Қазақстанда әйелдер арасында жатыр мойны обыры сүт безі обырынан кейін екінші орында тұр. Жыл сайын «жатыр мойны обыры» диагнозы 1800 қазақстандық әйелге қойылады және әр жылда 600 қазақстандық осы аурудан қайтыс болады. Жатыр мойны обырына көбіне 40-44 жастағы әйелдер жиі шалдығады. Бүкіл әлемде жатыр мойны обыры жыл сайын шамамен 600 000 әйелге диагноз қойылады және жыл сайын шамамен 340 000 әйел аурудан қайтыс болады. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты мамандарының айтуынша, алдын ала қаралып, дер кезінде медициналық тексеруден өтсе жатыр мойны обырының алдын алуға және емдеуге болады.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button