Онкологиялық тексерістен кімдер тегін өтеді

Қазақстандықтар онкологиялық скринингтік зерттеулерден тегін өтеді. Мұндай тексеріс пациенттің тіркелген жері бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында жүргізіледі. Денсаулық сақтау министрлігі онкоскринингтен кімдер тегін өте алатынын айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
— Сүт безі обырын ерте анықтау үшін: сүт безінің қатерлі ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмаған 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы әйелдер; Жатыр мойны обырын ерте анықтау үшін: жатыр мойнының қатерлі ісіктерімен динамикалық бақылауда тұрмаған 30, 34, 38, 42, 46, 50, 54, 58, 62, 66, 70 жастағы әйелдер;
Колоректальды обырды ерте анықтау үшін: жуан ішектің қатерсіз және қатерлі ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмаған 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы ерлер мен әйелдер өте алады, — дейді министрлік мамандары.
Мұндай тексерістер жоғарыда аталған обыр түрлерімен динамикалық бақылауда тұрмайтын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылған азаматтарға жүргізіледі. Ал скринингтен өту керектігі жайлы медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары пациентке қоңырау салу, SMS жолдау арқылы хабарлайды. Одан бөлек мамандар үйлерді аралап, тұрғындарды ақпараттандырады.
— Скрининг шеңберінде аурулардың диагностикасы диагнозды морфологиялық верификациялау деңгейіне дейін жүргізіледі, одан әрі аурудың таралу дәрежесін анықтау үшін зерттеп-қарау талап етіледі. Обыр алды процестер анықталған жағдайда, пациенттер онкологтың консультациясынан өте алады. Қазіргі уақытта өңірлік онкологиялық орталықтардың базасында, сараптамалық эндоскопиялық орталықтар құрылған. Олар колоректальды обыр скринингінен өтетін пациенттер арасында диагностикалық эндоскопиялық зерттеулерді ғана жүзеге асырып қоймай, сауықтырудан өтеді және динамикалық бақылауға алынады, — дейді Денсаулық сақтау министрлігі.
Айта кетейік, скрининг әзірге МӘМС есебінен қаржыландырылады. Ведомства өкілдері онкологиялық скринингті халыққа тегін көрсетілетін медициналық қызметтер тізіміне енгізуді жоспарланып отырғандарын хабарлады. Заңнамалық акт қабылданса, аталған тексеріс түрлері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылмаған азаматтарға да тегін жүргізіледі.
Еске салайық, өткен жолы 50-ден асқан ерлер инсульт пен инфарктқа қарсы тегін скринингтен өтетінін жазған едік.
Одан бөлек Қазақстанда В және С вирустық гепатиттерін анықтауға арналған скрининг енгізіліп жатқанын да хабарладық.