Денсаулық

Онкүндік өтеді

Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында биыл 15-25 қараша аралығында «СПИД: әрбірін түсіну» тақырыбымен онкүндік өткізіледі.

[smartslider3 slider=856]

Қалалық СПИД-ке қарсы күрес орталығының директоры Сәбит Абдраимовтың айтуынша, адамдардың қауіпсіздігі, жеке басына қатысты стигма мен кемсітушілікті жою, барлық мұқтаж жандарды қажетті дәрі-дәрмектермен және қызметтермен қамтамасыз ету – орталықтың басты міндеті. «Бұл ауру пайда болғанына 40 жыл өтсе де, әлі де жаһанға қауіп төндіріп тұр. Өткен 10 айдың көрсеткіші бойынша қаламызда 277 адамнан СПИД анықталған. Оның 197-сі – ерлер, қалғаны – әйелдер. Жалпы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша алғаш тіркелген күннен бүгінге дейін 2272 адам тіркеуде тұрады» дейді ол.

Онкүндік аясында онлайн форматта Қазақ ұлттық өнер университетінің классикалық камералық музыкасының концерті ұйымдастырылады. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде үкіметтік емес ұйымдар мен медицина қызметкерлерінің қатысуымен қала тұрғындарына арналған #Услышать каждого#Әрбірінтүсіну#toHearEveryone атты челленджі өткізіледі. Науқан барысында газеттерде, электронды БАҚ-тағы үздік жарияланым және үздік теле/радио материалы үшін журналистер арасындағы байқаудың қорытындысы жария­ланады. Мектеп және колледж студенттері арасында дерттің алдын алу бойынша викториналық ойындар, жастарға арналған форум ұйымдастырылады. Астана медицина университетінің студенттері арасында дебат, ірі ЖОО-да СПИД бойынша жедел тестілеу өткізіледі. Достық кабинетінде, №15 қалалық емханада СПИД бойынша экспресс-тестілеу­ден ашық есік күндері болады. Әлеуметтік желілерде #Барлығы СПИД туралы шарасы ұйымдас­тырылады. Орталықта есепте тұрған адамдар арасындағы аз қамтылған отбасыларға азық-түлік таратылады. Онкүндік қорытындысы 25 қарашада баспасөз мәслихатында шығарылады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button