Басты ақпаратҚала тіршілігі

Онлайн-санақтан өтті

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов халық санағынан онлайн өткенін айтып, қала тұрғындарын да санақтан өтуге шақырды.

«400 мыңнан астам қала тұрғыны, соның ішінде мен де отбасыммен ­онлайн-халық санағынан өттім. 1 қазаннан бастап ­онлайн-санақтан өтпегендер үшін дәстүрлі үздіксіз айналым басталды. Бүгін халық санағын өткізу бойынша ағымдағы мәселелер талқыланды. Санақ кезінде сұхбат алушылар планшеттерді пайдаланады. Алынған мәліметтер тікелей дерекқорға жіберіледі. Санақ жүргізетін қызметкерлерге жалақы, көлік карталары, жеке қорғаныс құралдары берілді. Санақ санитарлық нормаларды сақтай отырып жүргізіледі» деді қала басшысы.
 
Соңғы рет елде халық санағы 12 жыл бұрын жүргізілген. «Бұл маңызды шара сараптамалық деректерді жинақтауға мүмкіндік береді: халықтың нақты саны (ішкі көші-қонды ескере отырып), урбандалу дәрежесі, сондай-ақ білім беру, жұмыспен қамту және т. б. мәселелер бойынша шешімдер қабылдау үшін қажетті басқа да мәліметтер бар» деп түсіндірді А.Көлгінов.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button