Жаңалықтар

«Online EXPO-2017» Республикалық байқауы басталды

экспо

ЭКСПО-2017  Республикалық штаб жұмысының негізгі мақсаты «Online Expo-2017» жобаларын және  Халықаралық «жасыл» инновация байқауын  ұйымдастыру мен өткізуге қолдау көрсету мақсатында құрылған Республикалық штаб жұмысын бастады. Штаб  24 қазанда аяғында «Болашақ энергиясы: ауаға шығарылатын көмірқышқыл газы мөлшерін азайту» тақырыбындағы І Халықаралық форум аясында жетекші үкіметтік емес ұйымдар, даму институттары, мемлекеттік органдар бастамасымен  құрылған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім «Астана Экспо-2017» ҰК» АҚ басқарушы директоры Салтанат Рахымбекова мәлім етті. 

«Республикалық штабтың миссиясы энергия үнемдеу бағытында еліміздің барша ғылыми әлеуетін біріктіруге, тиімді жобаларды айқындауға арналған. Осы орайда бұл жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсетіледі. Бұл тұрғыда ЭКСПО-2017 көрмесінің контенті сапалы жобалармен толығады» деп атап өтті С.Рахымбекова.

Байқау ЭКСПО-2017 көрмесіне алдын ала жобалар мен инновацияларды іріктеп алуға бағытталған.Көрме басталғанға дейін жыл сайын  байқау қорытындысы бойынша 2015, 2016 және 2017 жылдары Астана Экономикалық форумының аясында Мини-ЭКСПО көрмесін өткізу жоспарланып отыр.

С.Рахымбекова қазақстандық бизнес өкілдерін ЭКСПО-2017 жобаларына белсендірек қатысуға шақырыды. ОлЕлбасының тапсырмасы бойынша ЭКСПО-2017 құрылысына алдағы жылы қосымша 40 млрд  теңге бағыттау жоспарланғанын еске салып, бұл қаржы «Бәйтерек» АҚ арқылы жобаларды несиелендіруге бағытталатынын жеткізді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button