ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтарҚала тіршілігі

OPEN Wi-Fi ОРЫНАТЫЛАДЫ

Жазға қарай елорданың көпшiлiк-бұқаралық саябақтары мен бұқаралық-спорт нысандарының алаңы, жалпы, барлық қоғамдық-көпшiлiк орындарға Wi-Fi орнатылады. Бұған дейiн тегiн Wi-Fi Астанадағы Сулы-Жасыл желекжол аумағында елордаға қызмет етiп келедi. Астана қаласы әкiмдiгiнiң бастамасымен iске асатын Open Wi-Fi жобасы – елорда мен елордалық-тардың мәдени-бiлiмi мен жоғары менталитеттiлiгiн қалыптастыруға бағытталған игi бастама. Осы орайда қала аумағында қолға алынып жатқан SmartAstana («Ақылды» қала) жобасының басты мақсаты – ел астанасын техникалық жағынан жабдықталған зиялы сипатта дамыған әлем қалаларының қатарына қосу болып табылады.

Мұхтар МӘНКЕЕВ,
«Astana innovations» АҚ басқарушы директоры:

«Open Wi-Fi орнатылады»

Былтыр елорданың сол жағалауы тегiн интернет желiсiмен қамтылған-ды. Қала басшылығы биыл 1 шiлдеге дейiн қаланың ескi тарихи бөлiгiн де ғаламдық желiге қосуды көздеп отыр. Осыған орай бiз Астананы  жер-жаһанның бiр шетiнен екiншi шетiне хабар алғызып, дүниенiң тұтқасына айналып отырған интернетпен қамтуды қолға алған «Astana innovations» АҚ басқарушы директоры Мұхтар Мәнкеевпен тiлдестiк.

–  «Astana innovations»  жүзеге асырып отырған нақты жобаның бiрi – «Open Wi-Fi» деп аталады. Атал­мыш жобаның алғашқы кезеңi өткен жылы жүзеге асырылған-ды. Соған сәйкес, былтыр Қала күнi қарсаңында қаланың әкiмшiлiк орталығы, яғни сол жағалау  қанатқақты жоба ретiнде тегiн интернетке қосылды. Атап айтсам, ол – «Нұржол» бульвары, Аста­налық цирк,  «Мега», «Керуен» ойын-сауық орта­лық­тары сынды қоғамдық орындар. Үстiмiздегi жыл­дың 1 шiлдесiне дейiн қаланың ескi бөлiгiн толығымен қамтуды көздеп отырмыз. Бүгiнде «Тәуелсiздiк», «Бей­бiт­­шiлiк және келiсiм» сарайы, қалалық әкiмдiк алдындағы алаң, Есiлдiң жағалауына Wi-Fi нүктесi орнатылды.
– Қалада интернетке қосылмай қалады-ау деген аумақ бар ма?
– Өзiңiз бiлетiндей, «Smart Astana» концепция­сының негiзiнде қалада бiрқатар инновациялық жобалар қолға алынды. «Open Wi-Fi» жобасы – соның бiрi. Мақсаты – елордалықтардың ғаламтор желiсiне шығуына мүмкiндiк жасау. Бiз  қаланы толық қамтимыз деп отырмыз. Жобаның арнайы  www.openwifi.kz сайты бар. Кез келген адам осы сайтқа кiрiп, қаланың қай же­рiнде интернет бар, қай жерiнде жоқ екенiн бiле алады. Тiптi, кез келген адам «мына жер қамтылса» деп өтiнiш бiлдiретiн болса, сол жерге Wi-Fi орнатып бере аламыз.
– Тегiн интернеттi пайдаланудың қандай шарты бар?
– Жобамен дұрыстап таныспаған соң, көпшiлiк «үйiмiзде тегiн интернет болады» деп ойлайды. Негiзiнде, жобаның басты шартына сәйкес, Wi-Fi нүктесi тек қоғамдық орындарға ғана орнатылады. Сонымен бiрге, кез келген қазақстандық және басқа да әлеуметтiк желiлерге кiрiп, хат алмасып, ақпарат iздеп, жазбаларды көшiрiп,  пошталық қызметтердi жүзеге асыра алады. Тек, музыка мен кино сынды дүниелердi көшiруге болмайды.
– Жобаның құны қанша? «Алмақтың да салмағы бар» демекшi, қайтарымы бола ма?
– Бұл – әлеуметтiк жоба. Жоғарыда айтқандай, мақсаты – халықты тегiн  интернетпен қамтамасыз ету. Ал оның құны туралы жоба толық iске қосып болған соң ғана айта аламыз.

Айнұр ШОШАЕВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button